gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Аралас оқу режиміндегі курсты жүзеге асыру

    Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы, қоғамымыздың басты міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланыстылығын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына айтып өткен. ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы 

    дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

    Қай заманда болмасын өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық - адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Педагог жеке көзқарасы бар, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің тәрбиеленушісін өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Бұл - өмір талабы.

    Ашығын айтқанда, балалар компьютерді сабақта қолдану барысында қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді, баланың бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. Кез келген тәрбиешіні компьютерлік кабинетке тартып отырғаны не? Себебі сабақты түрлендіру және қызығушылығын арттыру.

    Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану тыңдаушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын тереңдетуге шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін білім беру саласында мұғалімнің айтқандарын немесе тек оқулықты пайдалану заман талаптарына сай келмейді. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

    Алайда, электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары да болады. Тиімді жақтары уақытты үнемдейді, бейнехабар, аудиоклиптерді пайдаланады, таңдап алған хабарды, материалды көшіріп алуға мүмкіндік бар, жылдам түсіндіріледі. Ал тиімсіз жақтары пәнаралық байланыстың аздығы, материалдарды біріңғай таңдау, тіл мәдениетінің төмендеуі.  

    Осы тиімсіз жақтарды болдырмау үшін компьютерді сабақтың белгілі кезеңдерінде пайдалану, уақытты сақтау, қауіпсіздік ережесін сақтау, дәстүрлі және электорнды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу керек.

    Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология құралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы,  ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.

    Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шарты белгілерінің бірі электронды (мультимедиялық) оқулық, қашықтықтан оқыту курсы. Мұндағы мультимедия сөзіне тоқталсақ, құрамында бірнеше түрде текст, сурет, бейне, анимация және т.б. топталған, электронды ақпаратты тасушы.  Ал қашықтықтан оқыту курсы ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар көмегімен ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру түрі.

    Қашықтықтан оқытудың жетістігі – тренердің немесе оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар немесе тыңдаушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электронды оқулық түрінде беріледі.

    Педагог қашықтықтан оқыту жүйесінде көбіне тыңдаушы делінеді. Курс кезіндегі оқу уақытының бір бөлігінде тапсырмаларды өз компьютерлерінде, үйінде немесе өздеріне ыңғайлы уақытта орындайтын болса, бұл олардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. Тыңдаушы немесе педагог қажет кезде пошталық қызметпен кеңестер алып, тапсырманың орындалуын желі арқылы жібере алады. Олар өз топтарына топтық жоба жұмысын талқылау үшін келетін болады. Қашықтықтан оқытудағы оқытушының алатын орны ерекше. Оқытушыны қашықтықтан оқыту жүйесінде «тьютор» деп атау қалыптасқан.  Тьютордың негізгі қызметі тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын басқару, оқуға деген қызығушылығын ояту, ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді орындау, тыңдаушылар арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру, оқыту процесін қадағалау функцияларын орындау болып табылады.

    Қашықтықтан оқитын тыңдаушының алған білімдері оның ішкі жан дүниесі мен ақыл-ойының дамуына, жеке басының өсуіне алып келеді.

    Биыл педагогика кадрларының біліктілігін арттыру жүйесінде аралас оқу тәртібіндегі («Blended learning») оқу үдерісін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аралас оқу («Blended learning») – дәстүрлі күндізгі оқу нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және рәсімдеуге қойылатын талаптар мен аралас оқу режиміндегі («Blended learning») оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ереже бекітілді. Сол талаптар мен ережелерге сәйкес білім сатысы оқу жүргізіледі. Курсқа қатысушылар білім беру порталы, күндізгі оқу, қашықтықтан оқу, өз бетімен оқу, электронды білім беру ресурстары, онлайн-форум, онлайн-кеңес беру деген сияқты ережедегі түсініктерді қолдану керек.

    Аралас оқуды жүзеге асыруда біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасын тыңдаушылардың игеруін қамтамасыз ететін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар жиынтығы екені жоғарыда айтылып өтті. Яғни, электрондық ақпараттық және білім беру ресурстарын қамтитын, технологиялық құралдарға сәйкес оқу ортасын үйлестіру үшін жағдай жасайды.

    Аралас оқу режиміндегі педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары үш кезеңнен тұрады. Күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу оффлайн-off-line). Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқу құрылымының қашықтықтан және күндізгі күндізгі оқудың элементтерін қолдана отырып, тыңдаушылардың оқу материалының белгілі бір бөлігін дәстүрлі оқу түрінде, ал оқу материалының қалған бөлігін  - өз бетімен меңгереді.

    Қашықтықтан оқу жоғары интербелсенді оқу контентімен және және тыңдаушылардың тьютормен, бір-бірімен жүйелі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Оқытушылардың білім алушылармен аудиториялық бетпе-бет жұмысы (күндізгі оқу) курс бойынша, нақты тақырып бойынша дәріс, практикалық сабақтар, тренингтер, семинарлар, топтық және жеке кеңес берулер түрінде жүргізілуі мүмкін. Аралас оқу режиміндегі 72, 80, 160 сағат көлеміндегі курстар болады. Соның ішіндегі  72 сағат көлеміндегі курста күндізгі оқу – 16 сағат (курстың алғашқы және соңғы күні),  қашықтықтан оқу (вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес беру) – 8 сағат, өз бетімен оқу (ЭББР көмегімен ұлттық білім беру порталында оффлайн режимінде оқу) – 48 сағат. Аралас оқу режиміндегі педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы 72 сағатқа арналған бағдарлама бойынша 18 жұмыс күннен тұрады. Аралас оқу режиміндегі курстардың ұзақтығына қарамастан, күндізгі оқу курстың алғашқы және соңғы күндері өткізіледі.  Күндізгі оқу кезеңінің барлық материалдары (видео, мәтіндік материалдар) тыңдаушының бос уақытында уақытында өз бетімен оқуы үшін білім беру порталында жарияланады. Білім беру үдерісі ҚР БжҒМ бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады. Аралас оқу режиміндегі курс бағдарламасы нормативтік-құқықтық, басқарушылық (басқарушы кадрлар үшін), педагогикалық-психологиялық, мазмұндық, технологиялық және вариативтік модульдерден тұрады. Әрбір модуль үшін тыңдаушының өз бетімен оқуына арналған материалдар мен тапсырмалар беріледі. Өзіндік тапсырмаларды мерзімінде орындау үшін «deadline» (шектеу мерзімі) қойылады.

    Күндізгі оқу кезеңінің алғашқы күні әрбір тыңдаушы білім беру порталына кіру қолжетімді болу үшін жеке логин мен пароль алады, білім беру порталымен танысады, онлайн кіріс сауалнамасын толтырады, жоба жұмысының не шағын-сабақтың тақырыбын таңдайды.

    Ал тьютор жоба жұмысының не шағын-сабақтың тақырыптары бойынша 2-3 тыңдаушыдан құралған топтарды белгілейді және білім беру порталындағы бағдарламалық материалдарды меңгеру үшін тыңдаушыларға барлық модульдердің видеолары мен таныстырылымдарын, толық мәтіндік материалдарын ұсынады.

     

    ЖҰМАБАЕВА АҚБІЛЕК ҚОШҚАРБАЙҚЫЗЫ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

    Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

    пәндерді оқытудың инновациялық

    технологиялары мен әдістері

    кафедрасының аға оқытушысы, тренер