gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістемелері» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Курс жетекшісі – институттың ақпараттық технология бөлімінің

 маманы Сабырғали Нармуханбетов. Алғашқы әскери дайындық мектептерде 1996 жылдан бастап ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен енгізілді. Осы қаулыға сәйкес бастапқы әскери білім беру еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы қабылданғаннан кейін, әскери дайындықтың деңгейі жоғарылай түсті. Алғашқы әсери дайындық ҚР азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге үйрететін негізгі пәндердің бірі әрі бірегейі. Алғашқы әскери дайындық пәнінің енгізілуі, оған байланысты әскери-патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігі жолында жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс.

Курс тыңдаушылары өз ой-пікірлері және әдістемелерімен бөлісіп, оқушыларға сабақ түсіндіруде белсенділік танытып отыр. Жоспарға сай дөңгелек үстел, тренинг, дәріс және тәжірбиелік жұмыс өткізу қарастырылған. Тыңдаушылардан курсқа дейінгі деңгейін бақылау мақсатында тест өткізілді және курстың соңында материалдарды қаншалықты меңгергендерін анықтау үшін тағы да тест жүргізілмек. Курс өз деңгейінде өтуде.

 

Сәуірбек БЕРДІБЕК,

Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары

жөніндегі бөлімнің жетекші маманы.