gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Тәжірибелі педагог өз еңбегін талдай алады...

    Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бұл үрдісте оқу-тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі – мониторинг.

    Мониторинг көрсеткіштерінің жиынтығы әрқашан да білім берудегі ортақ 

    тенденциялармен, үкіметтің және білім беруді басқарушы органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Кең ауқымды мәліметтер мен сипаттамалық статистика мәліметтерін жинау, тек білім беру жүйесі үшін ғана маңызды емес, ол сондай-ақ саяси сипатқа ие.

    Мониторинг диагностикалық сипаттағы көптеген күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі. Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы мониторинг арқылы алынған мәліметтер жекелеген пәндердің бөлімдерін меңгерудегі жүйеленген қиындықтарды анықтауға, оқытушылар жұмысындағы инновациялық әдістердің тиімділігін, педагогтер сұраныстары мен қажеттіліктерін, педагогтер білімін арттыруда курс сапасының тиімділігін, оқытушыларды оқытудағы әдіс-тәсілдердің сәтсіздіктерінің себептерін анықтауға көмектеседі. Мониторинг жүйесі кері байланыстың орындалуын қамтамасыз етеді, оқыту жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, талдауға көмектеседі.

    Осы бағытта  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Маңғыстау облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс педагогтеріне жаңартылған бағдарламаларға сәйкес біліктілікті арттыру және басқа да білім беру саласында қызмет көрсету сапасын зерделеу, 3 айлық  деңгейлік курс бағдарламасының  үшінші (базалық) деңгейін енгізу күйін, басқа елдердің білім беру мекемелеріндегі оқу үрдісінің инновациялық тәжірибелерін сараптау, филиал қызметінің нәтижелерін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін қысқа мерзімдік және 3 айлық дайындық оқу курсынан кейінгі педагогтердің кәсіби өсу динамикасын сараптауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Маңғыстау облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мониторинг және сараптау бөлімі курсаралық мерзімде педагогтердің кәсіби қызметтерінің сапалы өзгерістерін анықтау үшін әр жыл сайын облыс бойынша жеке қалалар мен аудандардан қысқамерзімді біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің курсаралық қызметінің жетістіктері бойынша ақпараттар алып, әр ауданның, қаланың рейтингілік көрсеткішін анықтап отырады.

     «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Маңғыстау облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мониторинг және сараптау бөлімі өз қызметінде басшы және  педагог кадрлардың кәсіби білімі мен дағдыларындағы өзгерісті  республикалық және облыстық деңгейдегі біліктілік арттыру шараларына қатысу, оқытудың жаңа  технологиялары  мен әдістерін  жетілдірудегі республикалық, облыстық  семинарлар, байқаулар мен олимпиадалардың, педагогикалық оқулардың рейтингілік  деңгейімен, ғылыми-педагогикалық тәжірибені  оқып-үйрену, жинақтау және тарату жетістіктерін, оқу-әдістемелік құжаттарды, әдістемелік құралдарды, базистік  оқу жоспарының мектептік компоненті бөлігін оқыту бағдарламаларын дайындауға  қатысу мен сапасын анықтау жұмыстарын басшылыққа алады.

    Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің курсаралық қызметінің жетістіктері бойынша рейтингілік көрсеткішін анықтау төмендегідей  критерийлерден тұрады:

    1. Педагогтердің республикалық, облыстық білім сатысы оқуларына қатысу деңгейі: сұраныстардың (жоспарлардың) орындалуы бойынша анықталады;

    2. Педагогтердің облыстық, республикалық мұғалімдер олимпиадаларының, байқауларының, жарыстарының, педоқуларының қорытындысындағы нәтижесі;

    3. Мұғалімдердің ұйымдастыру-әдістемелік шараларға қатысуы;

    4. Мұғалімдердің халықаралық, республикалық, облыстық іс-шараларды өткізуге         атсалысуы;

    5. Біліктілік  арттыру жұмыстарының  тиімділік нәтижесінің мониторингілік  көрсеткішін жыл сайын  жүйелі  жүргізіп отырғаны үшін (мониторинг көшірмесі қоса тапсырылады) ұпай беріледі;

    6. Институт кеңесінде бекітілген әдістемелік нұсқаулықтар, көмекші құралдар,   базистік оқу жоспарының мектептік компонент бағдарламалары;

    7. Озат педагогикалық тәжірибелер;

    8. ҰБТ-дағы оқушылар үлгерімі, 60-тан жоғары ұпай жинаған түлектер саны, грант иегерлерінің саны, «Алтын белгі» иегерлерінің саны;

    9. Республикалық, облыстық газет-журналдарға ғылыми-әдістемелік мақалалар  жариялаған мұғалімдер үлесі; 

    10. Мұғалімдердің аттестациядан өту деңгейі;

    11. Республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау  жарыстары жеңімпаздарының пән мұғалімдері мен ғылыми жетекшілерінің саны;

    12. Біліктілік арттыру курстарында дәріс оқу үшін жеке тақырыптар бойынша авторлық куәлік алған мұғалімдер саны.

    Жоғарыда аталған әр критерийлер бойынша ұпай беру ережелері бекітілген.

    Рейтингілік деңгейлері бағаланатын аудандық, қалалық білім үйлестіру орталықтары болып табылады.

    Әдістемелік жұмыстардың рейтингілік  деңгейі бір жылдағы іске асырылған жұмыс қорытындысы бойынша анықталады. Жұмыс қорытындысы институт кеңесінде  талқыланып, шешім қабылданады. Рейтингілік бағалаудың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Одан басқа 3 номинация бойынша, яғни «Ең көп білімді шәкірттер шығарған», «Ең көп олимпиада жеңімпаздарын дайындаған», «Жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскені үшін» атты мақтау қағаздарымен марапатталады. 

    Аталған мониторингтік жұмыс курсаралық мерзімде педагогтердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді анықтау үшін және аудан, қалалар арасында жоғары дәрежеге ие болу үшін бәсекелестік тудыруға ықпал етеді. Және жиналған ақпараттар облыс бойынша педагогтердің курсаралық мерзімде жасаған жұмыстары мәліметтер банкісіне тіркеліп отырады.

    Жалпы алғанда, кез келген білім беру ұйымында көрсетілетін білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және олардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін білім беру сапасына мониторинг жүргізе отырып, сапа менеджментін жетілдіру қажет. Ал педагогикалық мониторинг – білім беру сапасын басқарудың басты тетігі және басқарушылық шешімдерді қабылдау жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

    Болашақта мониторингтік зерттеу жүргізу барысындағы  тәжірибе мен өзгерістерді ескере отырып, бұл бағытта тек сандық деректер ғана қолданылатын уақыт келеді. Сондықтан дұрыс және тиімді  бағытта жүргізілген педагогикалық талдау мен сол талдау нәтижесіне негізделген жоспарлы жүйе оқушылар мен мұғалімдердің ынталануына,  жетістіктерге жетуге талпынуына, білім ұйымдарының рейтингілік бағасының жоғарылауына себепкер болады.

     

     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша

    педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

    Мониторинг және сараптау бөлімінің мамандары

    Елубаева Айымгул Енсегеновна

    Кожабаева Нурбиби Игиликовна