gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ОҚЫТУДЫҢ ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕСІ

    Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына  қойылатын талаптар баршаға мәлім: бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің колледждегі  жаңа ролі; жаңа сандық оқу

    құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану және т.б. Осыған қоса, қазіргі  кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі саналып отырғандығы да белгілі.  Кәсіптік білімді жаңғырту және өндірістің әр саласы үшін мамандар даярлау жүйесін жетілдірудегі дуалды оқытудың атқаратын рөлі үлкен. Оның  ерекшелігі сол,  кәсіптік оқыту   үдерісінің басым бөлігі   оқу  орнында емес,  кәсіпорындарда  өтетіндігі. Заманға сай білім беру саясатының негізгі басымдықтарының бірі—қос бағытты білім беру жүйесі, яғни оқу орны мен жұмыс берушінің әлеуметтік серіктестігі болып табылады. Жұмыс берушілермен ынтымақта болу – студенттердін өндіріске қажетті білім, білік дағдыларын және еңбекке орналасуға деген икемдігін арттырады.

    Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша барлығы – 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішінде 2016/2017 оқу жылына дуалды оқыту жүйесінің эксперименттік алаңдары 17 колледж бойынша  23 мамандықты қамтыған.

    ТжКББ жаңғырту мақсатында оқытудың дуальді жүйесі енгізілген колледждермен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты екіжақты келісімшарттарға отырды. Келісімшарт негізі - бекітілген білім беру бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспар негізінде техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының инженер – педагогикалық қызметкерлерінің қысқа мерізімдік біліктілік арттыру курстары барысындағы практикалық жұмыстарды  бірлесе жүзеге асыру болып табылады.

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен келесі „базалық колледждер“ келісімшартқа отырды:

    Маңғыстау политехникалық колледжі;
    Маңғыстау энергетикалық колледжі;
    Маңғыстау туризм колледжі;
    Бейнеу политехникалық колледжі;
    О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі.

     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-мен келісім шартқа отырған Базалық Маңғыстау энергетикалық колледжі «Самұрық-Қазына» қорының  оқытудың дуальді жүйесі бойынша жариялаған  конкурсы  нәтижесінде  ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Техникалық кәсіптік білім департаментінің   27.09.2012ж№11-5/2101 хаты негізінде 12.11.2012 жылдан бастап 2  мамандық бойынша эксперименттік алаң ашу статусына ие болды: 0901000 «Электростанциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)», 0906000 «Жылу  электр станцияларының  жылу энергетикалық қондырғылары». Өндірістік серіктес мекемелер – «МАЭК –Казатомпром»  ЖШС мекемесі, «ҚазАзот» ЖШС мекемелері.

    Маңғыстау политехникалық колледж базасында «Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына кірістіру» мақсатында жергілікті қаржыландыру көзінен 1114000 «Дәнекерлеу ісі» және 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» (бейін бойынша) мамандықтары бойынша эксперименталды алаңдар жұмыстарын атқарады. Колледж—оқушы- өндіріс орны үш жақты келісімшарты жасақталды. Өндірістік серіктес мекемелер: «ҚаскорМашЗауыты»АҚ-ы  және «Ақтау қорыту зауыты» ЖШС-і, «Кансу Оперейтинг» ЖШС, ЖШС «Ансаган Петролиум».

    Маңғыстау туризм колледжі 2012-2013 оқу жылынан бастап «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуальді білім беру жүйесін тәжірибе ретінде енгізді. Маңғыстау туризм колледжі оқу, өндірістік, технологиялық және диплом алды практикаларды Қазақстан туристік ассоциациясы және Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамханалар ассоциациясының сұранысы негізінде дайындалған «Қазақстан Республикасында туризм және меймандастық саласының кәсіптік стандарттары» негізінде іске асырады. Өндірістік серіктес мекемелер:  «Caspian Riviera», «Renaissance», Nur Plaza  және Holiday Inn  қонақ үйлері. Дуалдық білім беру жүйесі бойынша «Өндіріс-колледж-білім алушы» арасында үш жақты келісім шарт жасалынды.Осыған қоса, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, туризм саласы бойынша дуальді оқыту жүйесі бойынша Жол картасы жасақталды.

    Бейнеу политехникалық колледжінде 1201000 «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету” және 1409000 «Темір жол құрылысы, темір жол және темір жол шаруашылығы»   мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесінің эксперименттік алаңдары ашылған. Өндірістік серіктес мекемелер: «Қазақстан темір жолы»ҰҚ және ЖШС «Сүйіндік».  Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша көптеген тәжірибелік сабақтар колледж қабырғасында виртуалды симулятор-тренажерлар мен имитатор-макеттер көмегімен орындалады. ТжКББ ұйымдарында жаңа инновациялық технологияға сүйене отырып, жасалған виртуалды симулятор-тренажерларды қолдану арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері, білім алушыларға тәжірибелік тұрғыда үйрену үшін қажет. Мұндай вертуалды симулятор-тренажерлардың қажеттілігі: өндіріс орындарында өтуі тиіс өндірістік тәжірибелер тек саяхат түрінде жүргізіліп, студенттер тәжірибеден өтуіне толық мүмкіншілік болмағандықтан, тәжірибе мен теориялық білімді ұштастыру арқылы технологиялық процестердің бірнеше түрін бірнеше рет қайталап орындай алады.

    О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі 0819000 «Мұнай және газды қайта  өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша дуальді білім беру жүйесін тәжірибе ретінде енгізді. Колледж өндірістік серіктес мекемелер «Қазақ Газ Өңдеу зауыты» ЖШС –пен және ЖШС «Бұрғылау» мекемесімен үш жақты келісім шарт жасасты.

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ жоғарыда аталған дульді оқыту жүйесін ендірген барлық базалық колледждермен жасалған келісімшарттар негізінде 2013-2016 жылдар аралығында ұйымдастырылған мемлекеттік және ақылы білім сатысы оқулары кезінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  біліктіліктерін арттыру мақсатында көшпелі-тәжірибелі сабақтарға апарып, дөңгелек үстелдер, тренингтер, шебер сыныптар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру арқылы тығыз байланыста болып келеді. Көшпелі-тәжірибелі сабақтар барысында курс тыңдаушылары колледж шеберханаларын аралап, экспериментальді алаңдағы мамандықтар бойынша өндіріспен байлыныса отырып, әзірленген құжаттармен танысып, оларды әзірлеудің бағытымен танысып, виртуалды тренажерлар мен имимтатор макеттер көмегімен  тәжірибелік жұмыстардың орындалуына көз жеткізді.

    Сонымен, дуальді жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктілігін, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын, әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы анықталды.

     

    Утеуова Айгерим Аскаровна

    «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

     АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

    Мониторинг және сараптау бөлімінің жетекші маманы