gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіру жолдары

    Қазақстандық педагогика қоры қандай? Мектептегі мұғалім мен оқушының іс әрекеті қалай дамытылуда? Ол оқушының білім алуына жеткілікті ме, заман ағымымен даму үстінде ме? деген сұрақ білім саласында тынбай еңбек етіп жүрген қауымды ойландыруда. Білім жүйесі ғылым жетістіктерін өз тәжірибелерінде қолдана білетін, шығармашылықпен ойлана алатын, 

    өзінің кәсіби қызметіне талдау жасап, дамыта алатын мұғалімдерді қажет етіп отыр. «Жаңаның бәрі ұмыт қалған ескі» демекші кейбір әдістемелік құралдардың қайта жаңарып жатқан жағдайы бар. Педагогикалық әдіс-тәсілдерге, сабақ формаларына өзгерістер енгізілуі мұғалімдер мен оқушыларды, қала берді ата-аналарды да елең еткізіп қызықтыруда.

    Сонау заманда педагог Я.А.Коменскийдің салып кеткен сынып-сабақтық жүйемен, орыс елінің, шетелдің педагог-психологтерінің әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін пайдаланып жатқанымыз рас. Дегенмен, осыған қанағат етіп қоймай, өзге ұлт өкілдерінің көшірмесі болмай, өз ұлтымыздың ерекшелігіне, тәлім-тәрбиесіне орай құрылған Отандық педагогика қоры жасақталып, заман талабына сай педагогтардың тәжірибелік еңбектері жинақталып, педагогикалық құралдар, технологиялар, әдіс-тәсілдер ойластырылып, әдістемелік жинақтары молынан жарық көруіне үлес қосқымыз келеді.

    Өз іс-тәжірибеме келсем, білім беру үдерісінде мұғалімнің әдістемелік жұмысын жүйелі ұйымдастыруына, соның ішінде мұғалімдердің сабақ түрлеріне орай оқушының оқу орнын тиімді жабдықтауынан бастауына көңіл бөлемін.

    Білім мазмұнын жаңартуда жеке пәндерді оқытуда да осы ынтымақтастық, бірлік, ұйымшылдық қасиеттердің топта, жұпта жұмыс жасау тәсілдері арқылы дамитыны, сол арқылы білім мен тәрбиенің жымдасып, егіздің сыңарындай бір бірімен қосақтаулы күйде жүзеге асырылатынына мұғалімдердің көзі жаңартылған бағдарламамен жұмыстану кезінде көзі жетті. Тәжірибе кезінде мұғалімдер оқушылардың тек бір қалыпта дөңгеленіп жайғасуының оқу мен тәрбие жүйесіне кері әсер ететін тұстарын анықтады. Бұл отырыстың оқушылармен жеке, жұптық жұмыс жасауына кедергі болатын тұстары көп. Сондықтан сабақ түрлеріне орай, мұғалім сынып парталарын орналастырудың басқа да жолдарын іздестіруге, әр сабақта оқушы парталарының орналасуының ең жақсы нұсқаларын іздестіріп отыру керек екенін түсінді. Осындай интербелсенді оқытуда екі функцияның орындалысына мән беріп отыру қажет нәрсе, ол берілген тапсырманың орындалысы мен біріккен жұмыста оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі. Сондықтан нәтижелі біріккен жұмыс жүргізілуі үшін оқушылардың ақылдасуы үшін, бірін-бірі оқытуы үшін дұрыс ұйымдастырылған оқу бөлмесі керек.

    1 суретте (А) парталарды қозғамай, әр қатардың соңына бөлек парталар қойып, оқушылардың топтық жұмыс басталарда осы жерге келіп бас қосуын ұйымдастыру.

    Ә) суретте шағын топтағы оқушылардың бас қосуы көрсетілген. 1 партадағы оқушылар артындағы 2 партаға бұрыла қалып, бас қосып, өз ойларын ортаға салады. Бұл күнделікті сабақта партаны әрі-бері қозғамай, уақыт алмай, оқушымен жұмыс жасауға ыңғайлы.

    Ал 2-суретте сыныпта сабақ формасына орай парталарды әр түрлі етіп орналастыруға болатынын көреміз. Суретке қарай отырып, парталардың орналасуы өтілетін сабақтың нәтижесіне үлкен әсерін тигізетінін байқаймыз. Мысалы, №1, оқушылар өзара ақылдасып, жұмыс жасауға ыңғайлы, мұғалім сырттан тек бақылаушы. №2, №3 шағын топтық жұмысқа арналған, алайда №3 қиындау тапсырмаға арналған топтық басқосу, №4 интерактивті тақтаны пайдалана отырып видеүзіктерді талқылауға немесе мұғаліммен және сыныптастарымен талқылау жүргізе отырып жұмыс жасауға ыңғайлы болса, №5 дәстүрлі сабақтағыдай, жеке тапсырма орындауға арналған. №6,7 жұптық тапсырмалар берудің түрлері, оқушылардың бірін бірі оқытуына арналған.

    Нәтижелі оқу сыныптағы шағынтоптардың көңіл күйлеріне тығыз байланысты. Бастапқы кезде оқушыларды өз еріктерімен отыруына қарсылық білдірмеген жөн. №4,№8,№9,№11,№15 отырыстарда оқушылар өз еркімен жайғасады. Бұның оң жақтары: оқушылар арасында жеке тұлғалық байланыс қалыптасады.

    Әңгімелесуге ыңғайлы орта қалыптасады.
    Оқушылар өзін ыңғайсыз сезінушілігі төмендейді.
    Бірін бірін қолдауда сенімділік күшейеді.

    Сабақ мақсаты, жаңа сабақ, не жаңа білім алу болса, оқушыларды қалай орналастырған тиімді? Бұл кезде «мықты» оқушылар мен «әлсіз» оқушыларды араластырып отырғызған тиімді. Дегенмен, «мықты» оқушының шыдамды, қайырымды болуына назар аударған жөн. №8, 9.  Ал егер сабақ мақсаты, өткен тақырыпты қайталау мақсатында болса, онда «мықты» оқушыларды біріктіріп, оларға қиындау, ал «әлсіз» оқушыларды бірітктіріп, жеңіл тапсырма берген жөн болады. №14

    Қандай топтық тапсырма берілсе де берілген тапсырмалар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасасып, пікір алмасып, бір-бірінен көмек алуына негізделуі тиіс, интербелсенді сабақ тиімді жүруі үшін сынып кеңістігін оқушылардың бетпе-бет отыруын да назардан тыс қалдырмау керек. №13,15,16

    Оқушының отырысын сабақ формасына сай реттей отырып, мұғалім көп нәрсеге қол жеткізеді. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дегендей көптеген мақал-мәтел ынтымақтастық, бірліктің адам өміріндегі маңызын айқындап, ата-баба салып кеткен сара жол- бала тәрбиелеуде маңызы зор ұлттық дәстүрге бет бұруымыз қажеттігін еске салуда.

    Ұжымда, топта, жұпта жұмыс жасай білген оқушы бір-бірінен көмек алуды, көмек беруді, көптің атынан сөйлеуді, сыныптасының пікірін сыйлауды, қате пікір арқылы үйренуді, ойын жинақтап, қысқа, әрі нақты сөйлеуді, белгілі бір уақыт шеңберінде жұмыс атқаруды, өз еңбегін және өзгенің еңбегін сыйлауды, сөйтіп, көптің алдына шығып, өз ойын қысылмай айтып, шешен де еркін сөйлеп, қоғамдағы түрлі оқиғаларға өз көзқарасын беретін, қоғамға немқұрайлы қарамайтын, табиғатты сыйлайтын, жанашыр нағыз азамат болып ержетеді.

    Қазіргі кезде мұғалімнің жұмысын қағазбастылық алып кеткені белгілі. Сабақ үрдісі кезінде оқушыға назар аудара алмау, дәптер тексеріп отыру, журнал толтырып отыру немесе тағы басқа тапсырмалар орындау. Мұғалім жұмысын жеңілдетудің бір жолы, мектептің «сабақ жоспарлары базасын» құруды мектептерге ұсынып жүрміз. Жаратылыстану, қоғамдық пәндер, бастауыш сынып бойынша, эстетикалық пәндер бойынша мұғалімдер топталып, өз жоспарларын электронды түрде жазып, жинақтау. «lesson study” әдісімен мұғалімдер жоспарды бірлесе құрып, сынақтан өткізіп барып, өз рефлексияларын жазып, салып қойса, келесі оқу жылы рефлексияға қарап отырып, жоспарды қайта жазбай, тек түзету жұмыстарын жүргізер еді.  3 сурет.

    Жоспарлар базасы жыл сайын өзгеріске түсіп отырады. Әр оқу жылы басында жоспарлар өңделіп, жаңасы жинақталып, ескі жоспар архивке кетіп отырады. Сонда қазіргідей жыл сайын бір жоспар жазылып, ол жалғасын тауып өңделмей, тасталып отырмайды. Бұдан мұғалімдер екі жұмыс жасамай, жыл сайын жоспарын тек өңдеумен шектеліп отырады. Бұл жерде мұғалімдердің біріккен күші керек. Оқу жоспарын бірге өңдеген кезде, олардың әрқайсысының ойы, пікірі ескеріліп, тиімді жоспар құруға қол жеткізіледі. Жоспарлар әбден жетіліп, өңделе бермек. Мұғалімдердің қолы қағаздан босап, енді оқушыны зерттеумен айналысуға көшеді. Олар сабақ бойы әр оқушының жауап беруіне, ізденісіне мән беріп, олардың жауаптарын, сұрағын жазып алып, оқушымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сонымен бірге мұғалімдердің көрнекі құралдары, бағалау бетшелері, видеоүзіктері, постерлері суретке түсіріліп, папкаларына салынып, сол тарау папкасына салынады. Келесі оқу жылы мұғалім оларды қарап, есіне түсіріп, рефлексия жасап, сабағын жаңаша құруға негіз жасайды. Және де мұғалім енді сабағына бір күн қалғанда дайындалмайды, оның сабағы бір жыл бұрын дайын тұрады. Мұғалімнің оқу жоспары ғылыми жұмысқа айналуы мүмкін. Мұғалім портфолиосы деген папкаға мұғалімнің марапаттаулары, газет бетіне шыққан материалдары, анкетасы, курстан өткен сертификаты жинақталады, бұл мектеп әдіскеріне де көмек болмақ, кез келген уақытта ешкімді іздемей, мұғалім туралы ақпаратты, оның жоспарларын кез келген уақытта ашып көре алады, көрсете алады.

    Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен біліктілігін арттыру үшін, олардың жұмыс жасау стилін жеңілдетіп, тиімді, сапалы өнім алу үшін инновациялық әдіс-тәсілдерді  молынан пайдаланып, түрлендіріп, эксперимент жасаудан қорықпайық, әріптестер!

    М.А.Сахарбаева

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

    Маңғыстау облысы бойынша

    педагогикалық қызметкерлердің

    біліктілігін арттыру институты