gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Көптілділік – заман талабы

    ХХІ ғасырда білім беру саласы өзінің сан түрлі жаңалықтарымен таңғалдырып, бізді заман талабына сай жетік маман иесі болуға жетелейді. Осыған орай қоғамда сан алуан пікір қалыптасуда. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей біз тілімізді ұмыт қылуға емес, шет тілін- халықаралық байланысты дамытуға мүмкіндік беретін құрал ретінде үйреніп жатқанымызды тілге 

    тиек еткім келеді. Елбасының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп айтуы да президентіміздің ұстанымының халық пікірімен сай келуін дәлелдемек.

    Тілді пәнге кіріктіріп оқыту барлық елде орын алған бағдарламаның бірі. Жалпы CLIL термині 1994 жылы пайда болған. Ал пәнге шет тілін кіріктіріп оқыту 1843 жылдан басталған. Сол жылдары қалталы азаматтар өздерінің балалары шет тілін үйрену үшін өзге елге оқуға жіберетін. Сондықтан «Қазақ елінде қазақ тілін жойғалы жатыр» деген теріс пікір тудырудың орнына, елбасымыздың шет тілін өз елімізде үйренуге жағдай жасап, қолдау көрсетіп отырғанын ескеруіміз қажет. Кез келген Қазақстанның болашақ азаматына болашақта елімізді өзге елге танытушы ретінде қарауымыз қажет. Олар бизнес тілі ағылшын тілінде өз өнімін экспортқа өзге аудармашының қажетінсіз өз ойын еркін кез келген салада жеткізе алатын дәрежеде болуы керек. Физика, информатика, биология, химия саласында шет тілін жетік білу оқушының шикізаттың құрамын, жаңа технологиялардың атауын білумен қатар, қолдану үшін пайдалы екені айтпаса да белгілі.

    Мемлекет басшысы «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Сондықтан бұндай жауапты да, маңызды жоба бірнеше жылдар бойы даму үрдісінде болмақ. Әрине бұл шыдамдылық пен түсіністікті қажет етеді. Осы жобаның алғашқы түлектерінің бірі Маңғыстау ауданы бойынша физика, информатика, биология, химия пәндері мұғалімдері тамыздың 14-інен бастап білім алу сатысынан өтуде. Мұғалімдер үш кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді курс кезеңінде тренингтер, ситуациялық сұрақтарға жауап беру, өзі туралы баяндауға ағылшын тілінің грамматикасын үйреніп, әр кезеңде аралық бақылау сынақтарынан өтуде. Мұғалімдердің бұрын ағылшын тілін жетік меңгермеуіне қарамастан сабаққа жауапкершілікпен қарауы қуантарлық жағдай. Осы курстың үшінші кезеңінде шетел тренері ағылшын тілін пәнге кіріктіріп оқытуды үйретеді. Бұл тыңдаушылар үшін үлкен тәжірибе алмасу болмақ. Олай болса, тыңдаушыларға, болашақ бағдарламаны іске асырушыларға сәттілік тілейік!

     

    А.ҚАРАЕВА,

    «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері.