gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЫҚПАЛЫ

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және дамыту мазмұнында «Жеке тұлға қабілетін дамытуда жаңаша білім берудің ықпалы» тақырыбында деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдерге ақылы әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдердің белсенді әдіс-тәсілдерді 

тиімді пайдаланып, тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыруына бағыт-бағдар беру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Бағдарлама бойынша мұғалімдер қажеттіліктері қанағаттандырылып, кәсіби құзыреттіліктері қалыптасты, семинар жұмысын түрлендіре өткізу арқылы пайдаланылған түрлі тәсілдер мен білімдік ақпаратты іс-тәжірибеде қолданысқа енгізді. Түрлі пәндер бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуі қамтамасыз етілді, жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолданудың жолдары үйретілді.

Нәтижесінде мұғалімдер білім беру мазмұнының жаңаруына орай, әртүрлі пәндерде оқушылардың зерттеушілік дағдысы қалыптасып, ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-салдарын сын тұрғысынан анықтауға, өзінің қорытындысын жасай білуге үйренеді. Бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын түсіне отырып, мұғалімдер жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын, бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдана біледі.

Тренер курсқа қатысушылармен жеке тұлға қабілетін дамытуда жаңаша білім берудің ықпалы туралы көкейкесті сұрақтарды талқылап, оқу барысында рефлексия жасап, топтағы пікірталас пен кері байланысты жүзеге асырды. Әдістемелік семинар нәтижесінде 58 тыңдаушыға куәлік табысталды.

 

К.БАКТИЯРОВА, Д.МАТЕНОВА,

Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқытудың инновациялық

 технологиялары мен әдістері

кафедрасының аға оқытушылары