gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Рухани-адамгершілік тәрбие

     

    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізуде педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қойып отыр. Осы мақсатта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру 

    бағдарламасын тиімді кадрмен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты өзін-өзі тану педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесіне деңгейлік курстарды ұйымдастырып өткізу мәселесі енгізілді.

    Бүгінгі ақпараттар ағымына сауатты ере алатын, игерген білімдерін қолдана білетін, кез келген әлеуметтік топпен де қарым-қатынас жасап, қашан да оңтайлы шешім табатын тұлғаның қалыптасуында «Өзін-өзі тану» пәнінің ықпалы зор.

    Осы орайда 18-30 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсы басталды. Курсқа Мұнайлы ауданынан - 26, Ақтау қаласынан - 2 «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысуда. Курсқа қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтындағы педагогтердің желілік қауымдастығына тіркеліп, өзара курс туралы әсерлерімен бөлісіп, өзін-өзі тану пәнінің әдістемелері бойынша пікір алмасты.

    Курс бағдарламасының 1-модулы бойынша оқылған дәрістерден кейін «Жалғыз адам не істей алады?» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Екі нәресте туралы аңыз», «Қайырымдылық сабақтары», «Өркениетке арбалу», «Жасушадағы ғажайып», «Жердегі жұлдыздар» тақырыбындағы фильмдер көрсетіліп, рухани-адамгершілік мәселелері жөнінде талқылау ұйымдастырылды.

    Мұғалімдермен топтық жұмыста өмірде жиі кездесетін кикілжіңдерден мысал келтіріп, одан абыроймен шығу жолдарын сахналап көрсетуге тапсырма берілді. «Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында постерлер қорғалып, коллаждар жасалды.

    Сонымен қатар, тыңдаушылар өзін-өзі танумен өзге пәндерді интеграциялауды үйреніп, кез келген пәннің мазмұнындағы мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтай білу дағдыларын меңгерді. Курстың алғашқы аптасында 1-модуль бойынша 5 топқа бөлініп, презентация қорғалды. Алдағы аптада «Дарын» балабақшасы және республика бойынша пилоттық ұйым - Ақтау қаласындағы №12 орта мектептер базасында курсішілік көшпелі-тәжірибелік семинар ұйымдастырылмақшы.

    Р.Ж.НҰРОВА,

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

    Деңгейлік бағдарламалар орталығының

    тренері.

    gallery/3233