gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында биология-химия пәні мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыра отырып, өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру 

    мақсатында «Жаңарған білім мазмұнына сай биология-химия пәндерінде бағалау критерийлерін құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға барлығы 21 мұғалім қатысты.
    Оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалауды жоспарлап және ұйымдастыру үшін биология және химия пәнінен 7-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын» басшылыққа ала отырып, оқу мақсаттарының әрқайсысы үшін берілген бағалау критерийлеріне назар аударылды. Қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға арналған дескрипторлар құрастырылды.
    Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы тыңдаушылар логикалық, алгоритмдік ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға арналған тапсырмалар дайындады. Тыңдаушылар пән бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, белсенді сабақ жоспарлауға дағдыланды. Олар өз сабақтарын, одан алынған тәжірибесін келешекте қалай қолданатынын түсіндіріп, өз жоспарларын әрі қарай дамыту туралы ойларымен бөлісті. Семинар соңында тыңдаушылар өзіндік рефлексияға арналған сұрақтарға жауап берді. Ғылыми-әдістемелік семинардың тақырыптық мазмұнының құрылымы, тақырып аясында жүргізілген теориялық дәріс, шеберлік сынып, тәжірибелік сабақтар тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Барлық тыңдаушыларға арнайы ортақ электрондық почта және арнайы WhatsApp арқылы чат ашылып, желілік қауымдастық құрылды.
    Осы желілік байланыс арқылы мұғалімдерге қажетті әдіс-тәсілдер көрсетіліп, бағдарлама, слайдтар, электронды бағалау бетшелері беріліп, критериалды бағалау ережелерімен таныстырылып, қолдау көрсетілді. Мұғалімдерге ықшамсабақ құрастыру кезінде сабақ жоспарлары үлгісі беріліп, әдістемелік көмектер жасалды. 

    Қ.БАҚТИЯРОВА,
    БМЖ тренері