gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

    Маңғыстау облысының білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту міндеттерін жүзеге асыру, тәрбие – оқыту процесінің сапасын көтеру, жаңашылдық енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың мектепке дейінгі білімі жоқ, санатсыз және еңбек өтілі аз педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 9 ақпанында

    Ақтау қаласында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық үрдісті жаңаландыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
    Аталған шараға облыстық білім беру ұйымдарының мамандары, аудандық, қалалық білім үйлестіру орталықтарының қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлер, тәрбиешілер және пән мұғалімдері (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) барлығы 300 педагог қатысты.
    Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының басшылығымен семинардың практикалық бөлімі №1 облыстық арнайы балабақшасында, №4 «Аққу», № 8 «Ақ желкен», №22 «Алтын бесік», №24, №32 «Ақ шағала», №43 «Батыр», №44 «Шаттық», №46 «Балбұлақ», №58 «Балауса»,     №60 «Ертөстік», «Жанель» жекеменшік балабақшаларында өтті.
    Семинар жұмысының шеңберінде аталған балабақшалардың педагогтері жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, интеллектуалды сабақтар, шеберлік сынып пен сайыстар, театрландырылған көріністер, дебат өткізді.
    Семинардың пленарлық бөлімі Туризм колледжінің акт залында жалғасты. Мәжілісті Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Қасымқызы Мамаева ашып, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту туралы айтып өтсе, облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы директорының м.а. Сұлу Жайбергенқызы Еламанова педагогтер арасында ашық оқу іс-әрекеттерінен кейін кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Технология – жаңа заман талабы» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Клара Қашқынбайқызы Құлатаева мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Бұдан әрі, Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымдардағы санитарлық гигиеналық талаптар (СанПиН) туралы өз пікірлерімен бөлісті.
    Мәжіліс соңында педагогтер семинар барысы туралы өзара сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Білім басқармасы семинар қорытындысымен төмендегідей ұсыныстарды қабылдады:
    1.Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығына (С.Еламанова):
    1.1.Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбие мен оқыту жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу үшін әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, конкурстар ұйымдастыруын арттыру;
    1.2.Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың жаңа үлгілерін және инновациялық технологияларды енгізу, жетілдіру бойынша №1 облыстық арнайы балабақшасы және Ақтау қаласының №4,8,22,24,32,43,46,60 және «Жанель» жекеменшік балабақшаларының тәжірибелерін облыс бойынша тарату;
    1.3.Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамытуды ұйымдастыру және тәрбие – оқыту процесіне жаңашылдық енгізу туралы әдістемелік нұсқаулықтар, бағдарламалар тарату жұмыстарын жалғастыру.
    2. Аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларына:
        2.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-оқу процесін ұйымдастыруына жағдайлар жасау;
        2.2.Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін жаңаландыру жұмыстарын жүргізуін қатаң бақылауға алу;
    2.3.Жаңа технологияларды облыстық мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу жұмыстары қаншалықты жүргізілуде екенін анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізу;
    2.4.Мектепке дейінгі ұйымдарға мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамытуды ұйымдастыру және тәрбие – оқыту процесіне жаңашылдық енгізу мақсатында оқыту-семинарлар ұйымдастыру;
    2.5.Дер кезінде жаңа интерактивті жабдықтарды, оқу-көрнекілік құралдармен және электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
    2.6.Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу үрдісінде шығармашылық-педагогикалық технологияны енгізу бойынша халықаралық тәжірибелермен танысуға іс-сапар жүру үшін қаражат бөлуіне мүмкіндік қарастыру.
    3.Мектепке дейінгі ұйым директорларына:
    3.1.Мектепке дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге ықпал ету;
    3.2.Білім беру жүйесінің жұмысын жақсарту мақсатында тәрбие мен оқыту процесінде жаңа шығармашылық-педагогикалық технологияны енгізу жолымен материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жүргізу;
    3.3.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру мен әкімшілік қызметінде жауапкершілікпен қарап, педагогикалық процестің барлық қатысушыларын үнемі қазіргі заманғы іздену – шығармашылық әрекетіне жұмыстануға бағыттау;
    3.4.Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу үрдісінде шығармашылық – педагогикалық технологияны енгізу бойынша халықаралық тәжірибелермен танысу, зерттеу.

    А.ЖҰМАБАЕВА,
    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
    «Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
    пәндерді оқытудағы инновациялық
    технологиялар мен әдістері»
    кафедрасының аға оқытушысы.