gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Рухани-адамгершілік білім берудегі қадамдар

    Ақтау қаласының №10 «Толқын» бөбекжайында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық Педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. 
    Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

    Маңғыстау бойынша ПҚ БАИ тренері Р.Нұрова және «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» курсының тыңдаушылары қатысты. Семинарды бөбекжайдың директоры Айгүл Худайбергенова ашты. 
    Бөбекжайдың №7 ересек тобында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Көліктер» тақырыбында курсқа қатысушы Маңғыстау ауданы, Жармыш орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Нұржихан Кадирова шеберлік сынып көрсетті. №1 кіші сәбилер тобының тәрбиешісі Гүлнара Нұрымбетова «Сиқырлы пішіндер» тақырыбында «Өзін-өзі танумен» интеграцияланған қоршаған орта, математикадан ашық оқу қызметін өткізді. Бұдан кейін «Менің отбасым» тақырыбына №2 ортаңғы сәбилер тобында тәрбиеші Перуза Айбасова оқу қызметін ұйымдастырды. Балалар отбасына, отанына деген құрметі мен сүйіспеншіліктерін ән, тақпақтар мен мақал-мәтелдер, жылы тілектер арқылы көрсете білді. Тыңдаушылар өзін-өзі тануды өзге пәндермен сыртқы және ішкі интеграциялауды оқу қызметтері арқылы түсінді. 
    «Өзін-өзі тану - білім беру үдерісіндегі біртұтастықты, адамилықты және руханилықты қамтамасыз ететін метапән. Әрбір оқытылатын пән балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болуға тиіс. Біз бүгінгі семинардағы өткізілген оқу қызметтері арқылы осыны тәжірибе жүзінде көрдік», - деді Қарақия ауданындағы №1 орта мектептің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Фариза Маширова.
    Семинар аясында өткен дөңгелек үстелде: «Өзін-өзі тану» мен өзге пәндерді интеграциялау - ол, ең алдымен білім беру ұйымындағы білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу», - деді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау бойынша ПҚ БАИ тренері Р.Ж.Нұрова. Дөңгелек үстелге қатысушылар тренердің сөзін құптап, «Өзін-өзі тану» пәнін өзге пәндерді интеграциялау төңірегінде ойларын ортаға салды. 
    Бөбекжай ұжымы тыңдаушыларға өз тәжірибелерімен бөліскендігі үшін ризашылықтарын білдірді.