gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысы өтті

    2018 жылдың 13 ақпаны күні «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2018 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

    Алқа мәжілісінде еліміздегі білім саласының өзекті мәселелері, мұғалімдер жалақысының өсуі, балалардың қосымша білім инфрақұрылымы, үш тілде білім беру, ТжКБ, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру салаларында нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру, жас мамандарды ғылымға тарту мәселелері талқыланып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылға арналған төмендегі міндеттері белгіленді:
    Мектепке дейінгі тәрбие және білім
    - 121,8 мың орынға арналған 1067 мектепке дейінгі ұйым ашу, оның ішінде 766 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (71,5 мың орынға);
    - балаларды ерте дамытудың стандарттарын және бағдарламаларын енгізу;
    - мемлекеттік білім беру стандарттарына өзгерістер енгізу және жаңа бағдарламаларды әзірлеу;
    - Оңтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту мақсатында «Электронды үкімет» және «E-Akimat» интеграциялау арқылы балабақшаларға жолдама беру процесін автоматтандыру.
    Орта білім
    - жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмысты жалғастыру (3, 6, 8-сыныптар);
    - жаңартылған мазмұн бойынша оқытуға көшкен мұғалімдер үшін 30%-ға жалақыны көтеру;
    - мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізу;
    - аттестаттаудың жаңа қағидаларын қабылдау;
    - біліктілік деңгейін және ұлттық біліктілік сынағының нәтижелерін ескере отырып, педагогикалық шеберліктің санаттары үшін қосымша ақы төлемдер желісін құру. Біліктілікке байланысты мұғалімдер 20%-дан 50%-ға дейінгі қосымша төлемдер алады;
    - Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларының жекеменшік мектептерінде және Астана қаласының мемлекеттік мектебінде жан басына қаржыландыруды енгізу;
    - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді цифрландыру;
    - «Күнделік» электронды журналы мен күнделіктерін енгізуді жалғастыру;
    - үш тілде бейнефильмдер мен интерактивті сабақтарды дамыту.
    Техникалық және кәсіптік білім
    - «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;
    - кредиттік-модульдік технология бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
    - дуальды оқытуды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
    - инженерлік-педагогикалық жұмыскерлер мен кәсіпорын сарапшыларының біліктілігін арттыру;
    - құзыреттілік бойынша 20 орталық ашу;
    - WorldSkills стандарттарын ескере отырып, оқу процесіне білім беру бағдарламаларын енгізу;
    - WorldSkills халықаралық чемпионатында ТжКБ студенттерінің ұстанымдарын жақсарту;
    - шетелдік оқулықтарды аудару бойынша жұмысты жалғастыру.
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті
    - университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру;
    - университеттердің білім беру бағдарламаларының тәуелсіз рейтингісін жүргізу және үздік білім беру бағдарламаларының тізілімін жасау;
    - шет елдерде білім беру көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;
    - Қытайда, Үндістанда, Өзбекстанда және Түрікменстанда Халықаралық бағдарламалар орталығын ашу туралы мәселені пысықтау;
    - қос дипломдық білім беруді енгізу арқылы шетелдік студенттерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру;
    - ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыру;
    - шетелде маркетингтік кампания жүргізу;
    - АТ, педагогикалық, медициналық, техникалық салалар бойынша жаңа жоғары оқу орындарын ашу мәселесін пысықтау;
    - Қытай, Үндістан және Өзбекстанда Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдіктерін ашу;
    - ағылшын тілінде 10 жаңа бағдарлама әзірлеу.
    Ғылым
    - ғылыми жобалар мен зерттеулерді бизнеспен бірлесіп қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыру (2018 жылға арналған жоспар бойынша – 2,5 млрд. теңге);
    - докторанттар мен магистранттарды коммерцияландыру жобаларын іске асыруға тарту;
    - халықаралық ғылыми журналдарда ағылшын тіліндегі ғылыми мақалаларды жариялау бойынша жұмысты жалғастыру;
    - ғылыми-техникалық ықзметті автоматтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, оның ішінде ғылыми-техникалық қызмет пен диссертациялардың нәтижелерін бірыңғай электронды кітапхананы құру, ғылыми жобаларды қаржыландыруды басқаруды автоматтандыру және т.б.
    Балалардың құқықтарын қорғау
    - 2018-2020 жылдарға арналған балалардың жазғы демалыс күндерін толық қамтуды ұйымдастыру жөніндегі жоспарды мүдделі мемлекеттік органдармен және ЖАО-мен бірлесе отырып жоспарды әзірлеу және бекіту;
    - балалар үйінде қамқоршылар кеңесі қызметін жандандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
    - кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру.
        Құрметті әріптестер, ұстаздар, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 
    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
    Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлім