gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

МАҚСАТЫМ ОРЫНДАЛДЫ

Біліктілік арттыру курсына келген әрбір мұғалім курстан ерекше жаңалық пен өз тәжірибесіне керекті жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп кеткісі келері хақ.
Мен де осы мақсатпен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» 

кафедрасының аға оқытушысы Марал Сахарбаеваның жетекшілігімен өткен Маңғыстау облысының колледж оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жалпы білім беру пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсына келіп қатыстым. 
Тыңдаушылар бұл курс барысында білім беру мен оқытуға деген заманауи амалдар, жалпы білім беретін пәндерді оқытуда өзара интерактивті байланысу әдістерін, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндерді оқытуда ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жоспарлау ерекшеліктерін және оқу барысында Б.Блумның таксономиясына сәйкес жобалау түрлерін меңгерді. Сондай-ақ, педагогтер теорияны тәжірибемен байланыстырып, өзіндік жұмыстар, жобалау жұмыстарын жүргізуге белсене ат салысты. Практика кезінде мұғалімдер өз білімдерін белсенді түрде көрсетіп, курс соңында тест тапсырмаларын тапсырып, өтілген тақырыптар бойынша жоба қорғады. 
Алдағы уақытта осы курс аясында үйренген белсенді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемізде қолданып, шәкірттеріміздің шығармашылығын дамытып, ғылыми жобаларды қорғауда үлкен жетістіктерге жететіндігімізге сенімдімін.

Назгүл Боранбайқызы БУРАБАЕВА,
«Каспий» педагогика және салалық 
технологиялар колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.