gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Бастауыш сыныптарда білім мазмұнын жаңарту бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинар мақсаты - Қазақстан Республикасындағы білім мазмұнын жаңарту

    жағдайында бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын көрсету, өзара тәжірибе алмасу барысында ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін насихаттау. 
    Семинардың алғашқы күні тәжірибе бөлісу бағытындағы шығармашылық тақырыптармен өтті. Өз іс-тәжірибелерімен Ақтау қаласындағы №20 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Құсайынова, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімдері Айгүл Жұмабаева мен Шолпан Бисенова бөлісіп, баяндама оқыса, Ақтау қаласы №28 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Жұлдыз Рейпенова мен Жанат Бекмурзина оқушыларымен бірге дайындаған ғылыми жұмыс нәтижелерін көрсетті. 
    Семинардың екінші күні практикалық жұмыс түрінде өтті. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша №28 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ұлболсын Болат «Colors and Size» тақырыбында ашық сабақ, Ақжүніс Орын «Traditions and Customs» атты панорамалық сабақ өткізді. Сондай-ақ, жас мамандар Ләйлә Тәжібайдың сауат ашу пәнінен, Кенжебек Азановтың өзін-өзі тану пәнінен өткізген ашық сабақтары мен Ақкенже Түркменбаеваның «Математика, сауат ашу, жаратылыстану, дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбындағы панорамалық сабағы тыңдаушылардың көңілінен шықты. 
    Тәжірибелі мұғалім Зауре Бектілеуова семинарға қатысушыларға «Оқушылардың ойлау қабілетін сызба арқылы дамыту» атты шеберлік-сынып өткізіп, семинар жұмысын қорытындылады. 
    Семинарға қатысушылар ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетті дамыту тапсырмаларының жинағын құру және тарату туралы ұсыныс білдірді. 

    Р.Т.БАБАЕВА,
    Мұғалімдердің кәсіби дамуын 
    психологиялық-педагогикалық қолдау 
    кафедрасының аға оқытушысы, тренері.