gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ҮЗДІК БУКТРЕЙЛЕР - 2018

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпан айының 28-і күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуда балабақша педагогтерінің интернет-сервис құралдарымен жасаған жұмыстарын бейнежазба түрінде көрсете білу іскерлігін қалыптастыру мақсатында «Үздік буктрейлер

     - 2018» сырттай облыстық байқауы өтті. 
    Байқауға облысымыздан 19 мектепке дейінгі мекеме педагогтері қатысты. Байқау 2 кезеңмен өткізілді: І кезең электрондық өтінімдер, электрондық буктрейлерді (бейнеролик) қабылдау. ІІ кезең қорытынды, іріктеу кезеңін өткізу, конкурс жеңімпазын анықтау. Байқауға қатысушылар өздерінің ақпараттық мәдениетті дамыту және заманауи өзекті тақырыптарды қамтыған шығармашылық жұмыстың жаңа бейнежазбасын жариялау қабілеттерін көрсете білді.  
    Нәтижесінде, Бейнеу ауданындағы «Күйкен» бөбекжайының педагог-психологі Айғаным Өтеғұлова 1-орын, Жаңаөзен қаласындағы №26 «Шапағат» балабақшасының педагог-психологі Күлән Кужбаева және Мұнайлы ауданындағы №9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі Құрбангүл Базарбаева 2-орын иеленді. Мұнайлы ауданындағы №9 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Айгерім Юсупова мен осы ауданындағы №4 «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Жанат Бектегенова, тәрбиешісі Айсәуле Ағаниязова және Маңғыстау облысының білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасының» меңгерушісі Шамшакүл Раисова 3-орынды еншіледі. Бейнеу ауданындағы «Бейнеу санаторлық бөбекжайы» әдіскері Әсемгүл Қабдолова мен музыка жетекшісі Әсемгүл Рзабекова, Маңғыстау ауданындағы «Арай» балабақшасының әдіскері Ақайнаш Жұмабаева мен тәрбиешісі Гаухар Жүсіпова, Жаңаөзен қаласындағы №25 «Толағай» балабақшасының тәрбиешісі Қазына Үргешбаева, Қарақия ауданындағы «Шұғыла» балабақшасының педагог-психологі Салтанат Елекбаева және Маңғыстау облысының білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақшасының» меңгерушісі Шарипа Сапарова ынталандыру дипломдарына ие болды.
    Байқауға қатысқан үміткерлер аталмыш іс-шараның шығармашылық ынталарының жоғарылауына айтарлықтай ықпал еткенін айта отырып, «Үздік буктрейлер» конкурсы келешекте дәстүрлі байқау ретінде жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді.  

    А.ЖҰМАБАЕВА,
     Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) 
    пәндерді оқытудың инновациялық 
    технологиялары мен әдістері кафедрасының  
    аға оқытушысы.