gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ

    2018 жылдың 12.02-23.02.2018ж. аралығында «Биология және жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбындағы 80 сағатқа жоспарланған білім сатысы оқуы өткізілді. Білім сатысы оқуының тыңдаушыларына оқу жоспары және сабақ кестесімен таныстырылды. Қазақстанда орта білім беру

    мазмұнын жаңартудың алғышарттары туралы түсінік берілді. Білім сатысы оқуының мазмұнына сәйкес, «Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы, оқу бағдарламасы және оқу жоспары. Тиімді оқыту және оқу. Критериалды бағалау жүйесі. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау. Белсенді оқу әдістері. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. Биология және жаратылыстану  сабақтарындағы бағалау үдерісі. Химия және жаратылыстану бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау. Химия және жаратылыстану бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау. Ықшамсабақ өткізу. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: оқыту дағдылары, пән бойынша педагогикалық білім, критериалды бағалау» тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізілді. Тыңдаушылар «Ықшамсабақтар жобасы» бойынша таныстырылымдар дайындалып, қорғау жұмыстары жүргізілді. 
    Білім сатысы оқуының тақырыптық мазмұнының құрылымы, тақырып аясында берілген теориялық дәріс, тренинг, тәжірибелік интерактивті оқыту тәсілдері тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Барлық тыңдаушыларға арнайы ортақ электронды почта және арнайы whatsapp арқылы чат ашылып, желілік қауымдастық құрылды. Осы желілік байланыс арқылы мұғалімдерге қажетті әдіс-тәсілдер көрсетіліп, жаңа білім мазмұнындағы нұсқаулық, электронды 7-сыныпқа арналған биология оқулығының жобасы, бағдарламасы, слайдтар, электронды бағалау бетшелері беріліп, критериалды бағалау ережелерімен таныстырылды. Мұғалімдерге ықшамсабақ құрастыру кезінде сабақ жоспарлары үлгісі беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілді. 

    Дамеш Тілекбайқызы МАТЕНОВА,
    ПҚ БАИ тренері.