gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Білім басқармасында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды

    Ағымдағы жылдың наурыз айының екісінде өткен Білім басқармасының алқа мәжілісінде «Білім саласын цифрландыру жобаларын жүзеге асыру»; «Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада қорытындысы мен республикалық олимпиадаға дайындық»; «Бейнеу, Қарақия аудандарындағы жалпы білім беру ұйымдарының білім сапасы» және «Оқытудың жаңартылған білім беру

    мазмұнына көшу»  туралы ауқымды мәселелер қаралды. Мәжілісте білім басқармасының басшысы, алқа мәжілісінің төрайымы Зейнеп Жұмағалиқызы Тастемирова 2017/2018 оқу жылындағы облыстың білім беру үдерісіндегі өзгерістер мен шешімін күтетін проблемалар жөнінде баяндады.  
    Баяндамалардан кейін алқа мәжілісі:
     - 1 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерінің компьютерлік сауаттылығын тексеру үшін жұмыс тобын құрып,  жоспарын жасақтауды;
             - 1 маусымға дейін Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан, Ұштаған, Бекі, Боздақ елді мекендері, Қарақия ауданының Сенек, Аққұдық, Құланды, Болашақ селолары, Ералиево стансасындағы мектептерде кең жолақты интернетке қосылу жұмыстарын жүргізуді; 
    - 10 наурызға дейін үш ауысымды және оқушы орнының тапшылығын болдырмау мақсатында аудан әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлғалардың қолымен расталып, білім басқармасына толық талдау жүргізілген ақпарат ұсынуды;
    - 20 наурызға дейін әр аудан,қалада ғылыми жобалармен айналысатын оқушылардың қауымдастығын құру және оның жұмыс жоспарын жасақтап, бекітуді;
    - 1 сәуірге дейін әр аудан, қалада  6-7 сыныптар және пән олимпиадасына қатысып жүрген оқушылар арасынан олимпиадалық резерв жасақтау және олармен жүйелі жұмыс жүргізуді; 
    - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден олимпиадаға дайындық жұмыстарын күшейтуді;
    - Бейнеу, Қарақия аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектептердің төмен сапа көрсету себептерін анықтау, оны жою бағытындағы жүйелі жұмыс (жоспар, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, оқушы денсаулығының анализін жасақтау, кадр мәселелері, сауалнама жүргізу, жоғары сапа көрсеткен алдыңғы қатарлы мектептермен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, оқулықпен толық қамтамасыз ету) жүргізуді  ұсынды.
    Мәжілістегі негізгі мәселенің бірі - жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерту бағытындағы облыстың білім беру ұйымдарындағы жұмыстар туралы болды. Бұл бағытта басқармада мақсатты жұмыстар ұйымдастырылып, нақты шаралар алынған.
            - 2017/2018 оқу жылында 463 білім беру ұйымдарына 298515 –тей оқушы-студент қамтылған, оның ішінде 1, 2, 5, 7-сыныптардағы  55793 оқушы (44%(ҚР-42%) жаңартылған білім мазмұны бойынша оқып, тәрбиеленуде.
    - Барлық білім беру ұйымдары 2017 жылдың қыркүйегінен бастап, 5 күндік оқу аптасына, 40 минуттық сабақ жүйесіне көшірілді.
    - 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін 5066 мұғалімдердің 3753-і (74%) біліктілік арттыру курстарынан өткен және бұл мұғалімдер осы жылдың қаңтар айынан бастап лауазымдық төлемнің 30%-ы көлемінде 18 сағаттық апталық жүктемесіне қосымша үстемақы алады. 
    - Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар облыстың Ақтау қаласындағы Т.Әшімбаев атындағы №11 мамандандырылған  физика-математика мектебі мен Түпқараған ауданындағы М. Горький атындағы мектеп-лицейлерінде апробациядан өтуде.
    - Алдағы жылдары 10-11 сыныптарда химия, физика, информатика, биология пәндері оқушының таңдауына қарай ағылшын тілінде оқытылуына байланысты сабақ үдерісіне ағылшын тілі элементтерін қолдану пилоттық жобасына облыстың 26 мектебі республикалық, 50 мектебі облыстық апробация жұмысына алынды.
    - Курстан өткен В1, В2 сертификаты бар 246 мұғалімге 2018 жылдың қаңтар айынан базалық лауазымдық төлемнен 200% үстемақы төленуде (35 394 тг.).                     
    - 7 колледжде 4106 студент  педагогикалық мамандықтар бойынша білім алады. Осы колледждердің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Ағылшын тілі» оқу бағдарламаларына жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді және биылдан бастап бітіруші студенттер (2018 жылы 1200 студент) дипломдарына қосымша сертификаттар алып шығады. 
    - Электронды жүйеге облыстың 134 мектебі қосылса, оның  27 мектебі электронды журналға өтті (08.01.2018ж), 72 балабақша E-DDO автоматтандырылған   жүйесіне қосылды.
    - Облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» дербес білім беру ұйымы арасындағы меморандумға сәйкес  осы оқу жылында  білім беру ұйымдарына  213 әдістемелік көмек көрсетілді.
           -  Жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптардағы барлық оқушы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді.
    Білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі біліктілікті арттыру шаралары күн тәртібінен түспек емес. Облыста 17 652 астам педагог білім беру мекемелерінде жұмыс жасаса, білім басқармасының тікелей қатысуымен ұйымдастырылып отырған  AlmaU менеджмент университетінің «Білім берудегі менеджмент» магистратурасында 52, шетелдік іс-тәжірибе алмасудан-12; NCOC компаниясының демеушілігімен «Мектепті жаңаша басқару негіздері» бағдарламасымен  -80;  ҮЕҰ  әлеуметтік тапсырыс  бойынша «Сапа менеджменті негіздерін енгізу» курсымен – 50; Al-Farabi Education Business Academy «Білім берудегі менеджмент» курсымен -70; Al-Farabi Education Business Academy  «Кәсіпкер боламын!» жобасымен  -30, кәсіпорындардағы тағылымдамалардан -72, жаңа оқу бағдарламаларымен -294, барлығы 660 білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлері оқыды. 
    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан жаңартылған білім бойынша 79 оқытушы біліктілігін көтерді. Оның ішінде 24 оқытушы тренер сертификатын алған.
    2016 жылдан бастап жаңартылған білім мазмұнымен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектептердегі 11055 мұғалімнің 35 пайызы, немесе 3908-і біліктілік арттыру курстарынан өткен (Оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан -2987, Педагогикалық шеберлік орталығынан -921). Осы дұрыс па біздікі дұрыс 
    Жаңартылған білім мазмұны курсының тыңдаушыларын шеберлік сағаттары мен тәжірибелік сабақтарға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге  қатыстыру, курс тыңдаушылары мен тренерлер арасында  өзекті мәселелерді, қиындық туғызған сұрақтар мен әдіс-тәсілдерді талқылап, әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған мұғалімдердің желілік қауымдастығының жұмысы,   мұғалімдердің  республикалық шараларға қатысуы және олардың еңбектерін бұқаралық-ақпараттық құралдарда жариялау білім басқармасында, барлық білім беру ұйымдарында, біліктілік арттыру институтында, педагогикалық шеберлік орталықтарында  қатты назарға алынып отыр және бұл жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.
    Мәжіліске қатысушыларға ұсынылған облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім орталығы директоры Б.Хусайынованың, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры И.Т.Джумагалиеваның, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Қ.Қ.Боранбаеваның  баяндамаларында 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беріп жүрген  қалған 1313 мұғалімнің  білім мазмұнын жаңарту курсымен қамтылмағандығы, ал курстан өткен 55 мұғалімнің (оның ішінде Ақтау қаласынан 26 мұғалім) жаңа бағдарламамен оқытылатын сыныптарға мүлдем сабақ бермейтіндіктері мәселе болып көтерілді.
    Бейнеу ауданынан музыка, технология пәні біліктілік арттыру курстарына бастауыш сынып мұғалімдерінің жіберілуі, Қарақия ауданынан дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің шектік бөлініске сәйкес қамтылмай отырғандығы, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне берілген демалыстан ерте жұмысқа шыққан мұғалімдердің, жас мамандардың  курсқа жіберілуі, кей мұғалімдердің курс кезіндегі жауапкершіліктерінің төмендігі  сияқты кездескен кедергілерден  екі жылдың ішінде біліктілік арттыру курсының 75 тыңдаушысы тест тапсыру және таныстыру жұмыстарын қорғау сынағынан өте алмаған.  
    Мәжілісте  «мұғалімдер 5 жыл сайын аттестациядан өтетін болса, осы жыл ішінде  қанша сағат көлемінде  біліктілік арттыру курсынан өтуі тиіс» деген сауалға институт директоры И.Т.Джумагалиевадан «мемлекеттік курстан өту міндетті және оған қосымша түрлі тақырыптық, педагогикалық-психологиялық танымдық курс, семинарларды қоса есептегенде, кемінде 4 ай мөлшерінде  білім арттыру шараларымен қамтылады» деген жауап алды.  
    Біліктілік арттыру курстарынан кейінгі мұғалімнің жұмысына білім беру ұйымдары басшыларының жеткілікті талап қоймайтындығынан, мектептегі жиынтық бағалау үрдісінің талапқа сәйкес ұйымдастырылмауы мен ата-аналар арасында жаңа мазмұнды білім берудің ерекшеліктерімен таныстырудың  жеткіліксіздігінен қоғамда түсініспеушілік жағдайларының орын алып  жатқандығы, Қарақия ауданы мектептерінің жаңа мазмұнмен оқытылып отырған 5-7 сыныптарындағы білім сапасының төмендігі, Бейнеу ауданы мектептерінде 1165 компьютер болса, соның тек 443 –і интернет желісіне қосылса, оқу үрдісінде 759-ы қолданылатындығы  айтылды.
    Осы айтылғандарды, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша облыс мұғалімдерімен атқарылған жұмыстарды қорыта келе,  мәжіліс:
    Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығына:
    -      Білім мазмұнын жаңарту бойынша курстан өткен мұғалімдермен үздіксіз кері байланыс жүргізілсін.  
             Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне:
    -     Басқармаға  5 наурызға дейін жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақ беретін мұғалімдерге төленетін 30% қосымша ақының, ағылшын тілінен деңгейлік курстан өтіп ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге берілетін 2 еселенген базалық лауазымдық ақының және оларды алмастырғаны үшін төленетін қосымша ақылардың нақты есептеулеріне  талдау жүргізіліп, ай сайынғы есебі ұсынылсын;
    -    Мектептерде кең жолақты интернеттің тиісті деңгейде жұмыс жасауы назарда ұсталсын;
    -    Педагог кадрлардың имиджін көтеру, біліктілік арттыру бағытындағы жұмыстар жүйеленіп, кәсіби өсуі қамтамасыз етілсін. 
    -    Мұғалімдердің білім мазмұнын жаңарту курстарынан жүйелі өтуі жоспарлы орындалсын, нақты есебі бақылауға алынсын.
    -    Білім мазмұнын жаңарту курсынан өткен мұғалімдер заңнамалық нормативтерге сәйкес оқу жүктемесімен  толықтай қамтамасыз етілсін;
    -    Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес критериалды бағалау процесінің талапқа сай жүргізілуі мектеп басшылары тарапынан бақылауда ұсталсын.
    -    Білім беру ұйымдарында тоқсандық, жылдық жиынтық бағалау кезінде критериалды бағалау бойынша үйлестірушілер жұмысының сапасын арттыру, үздік үйлестірушінің қатысуымен семинар, дөңгелек үстелдер өткізілсін.
    -    Білім мазмұнын жаңарту курстарынан өткен мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағытында жасаған жұмыстары зерделеніп, озат тәжірибелері таратылсын деген шешім қабылдады.
    Ал жаңа оқу жылынан бастап:
    -    Білім басқармасының  жоспарына сәйкес 2018 жылы  2141 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Бұған қосымша 3,6,8 сыныптарға сабақ беретін  жаңартылған білім мазмұны курсымен қосымша 1500 мұғалім оқытылатын болады.
    -    Алдағы оқу жылында облыстың 3, 6, 8 сыныптағы 40 мыңға жуық оқушысы жаңартылған білім мазмұнымен оқитын болады.  Оларды оқулықтармен 100%  қамтамасыз ету мақсатында  облыс бюджетінен 2 027,95 мың теңге қаржы бөлінді.
    -    Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен  бастап 3,6,8 сынып мұғалімдеріне 18 сағаттық апталық жүктемесіне қосымша үстемақы лауазымдық төлемнің 30%-ы көлемінде  және жаратылыстану пәндері химия, физика, информатика, биологиядан  сабақ беретін біліктілік арттыру курсынан В1, В2 сертификаты бар 551 мұғалімге базалық лауазымдық төлемнен 200% үстемақы (35 394 тг.) төленеді.
    -    2018-2019 оқу жылында “Электронды колледж” жобасы іске қосылады.
               ...Білім мазмұнын жаңарту аясындағы алдағы келе жатқан жаңа оқу жылында жүзеге асатын жұмыстар бүгіннен басталып,  жолға қойылды, білім беру ұйымдарының басшыларының назарына берілді. Бұл  тақырып білім басқармасының алқа мәжілісіне уақытында, дер кезінде  қолға алынып отыр. Санаулы жылдардан кейін білім беру  үрдісіне түбегейлі енетін жаңартылған білім мазмұны ұстаздардан сауаттылықты, креативтілікті талап етеді. Мұғалімдеріміздің сипаты  да мазмұны да жаңа білімді еркін меңгере алуының сыры үздіксіз білім арттыруда жатыр. Жан-жақты біліммен қаруланған ұстаз ғана білім беру ісінің сапасын көтереді. 

    Ж. Жеткізген
     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 
    Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
    Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары 
    жөніндегі бөлімнің бастығы