gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Робототехника – заман талабы

    Елбасымыз Н.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. 

    Барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі» деген еді. Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Робототехника – заман талабы» тақырыбындағы облыстық семинар Елбасымыз атап көрсеткен осы міндеттерді жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру, «Робототехника» элективті курсы бойынша жүргізілген жұмыстарды жүйелеу мақсатын көздеді. 
    Семинарға облыстың білім беру ұйымдарынан робототехника бойынша факультативтік сабақ, үйірме жүргізіп отырған мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтері және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да өтіп жатқан «Робот техникасы негіздері» біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары қатысты. 
    Семинарды Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Күләнда Қуанышқызы Аймағамбет ашып, облыстық шараның мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті. 
    Ақтау қаласы, «Роботикс Актау» клубының бас бапкері Дмитрий Алексеевич Куричев «Спортивная робототехника Федерации «КазРоботикс» тақырыбында таныстырылым көрсетіп, клубтың атқарып отырған жұмысы, жетістіктері жөнінде баяндап, мұғалімдерді «КазРоботикс» Федерациясының ұйымдастырып жүрген жарыстарына оқушыларын қатыстыруға шақырды. Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, робототехника үйірмесінің жетекшісі Мұхаммед Бақытжан Абдуллаұлы «Робототехника – заманауи ғылым», Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Алқуат Қарымсақұлы Қазиев «Робототехника» шеберлік сағаты, Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар шығармашылық үйінің» қосымша білім педагогы Марат Әбубәкірұлы Атаназаров «Қосымша білім беру ұйымдарындағы робототехника үйірмесінің жұмысы», М.Әбдіхалыхов мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Райымбек Ибрагимұлы Хасанов «Робототехника бағытында оқушылармен шаралар ұйымдастыру» тақырыбында ойларын ортаға салып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
    Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да 2017 жылы біліктілігін арттырған Серік Жолдықара робототехниканы оқытудың маңыздылығы жөнінде былай дейді: «Роботты жасаған кезде алдымен бағдарламасы жасалады. Бағдарлама жасау барысында математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтері пайдаланылады. Мәселен, оқушылар математика пәнінің бір формуласын пайдалана отырып, физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды, яғни олардың робототехника арқылы басқа пәндерден де білімі тереңдей түседі». 
    Институтта курстан өткен тағы бір тыңдаушы, Жаңаөзен қаласының «Оқушылар шығармашылық үйінде «Робототехника» үйірмесін жүргізуші қосымша білім беру педагогы Марат Алданазаров роботты техниканың өндірістің қарқынды дамуына маңызды техникалық негіз болып табылатын қолданбалы ғылым екенін айта келе, балалардың бұл пәнге қызығушылықтарының өте зор екендігін, сондықтан үйірме, факультативтік сабақ қана емес, пән ретінде де оқу бағдарламасына енсе деген арманын жеткізді.
    Семинарға қатысушылар робототехниканың білім саласына жаңадан еніп жатқандығын, сондықтан осындай үйретері мол семинарлардың жиі болып тұрғанының маңыздылығын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 

    Р.ЖҮСІПОВА,
    Қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары 
    жөніндегі бөлімнің бас маманы.