gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында биология –химия пәні мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы критериалды бағалау жүйесін пәнге енгізу қажеттілігін 

    тыңдаушыларға түсіндіру және өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Жаңарған бағдарламаның білім мазмұнына сай биология-химия пәндерінде оқушылар білімін критериалды бағалау және жоспарлау» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға барлығы 21 мұғалім қатысты. Тыңдаушылар критериалды бағалау жүйесінің әдістемелік мазмұнын, химия және биология пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың ерекшеліктерін талдай отырып, оқу жетістіктерін бағалай білуді және білім беруді психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету құзіреттілігін дамытып, химия және биология пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігін түсінді.
    Тыңдаушылар биология және химия пәнінен 7-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын» басшылыққа ала отырып, оқу мақсаттарының әрқайсысы үшін берілген бағалау критерийлеріне назар аударды.
    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дайындау үлгісі беріліп, ықшамсабаққа бағалау критерийлерімен дескрипторлар құрастырды.
    Нақты айқын қойылған табыс критерийлері оқушы үшін қандай білім мен дағдыны дамыту қажет екенін түсінуге мүмкіндік берді.
    Тыңдаушылар пән бойынша оқу бағдарламасымен, оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, белсенді ықшамсабақ жоспарлауға дағдыланды. Олар өз сабақтарын, одан алынған тәжірибесін келешекте қалай қолданатынын түсіндіріп, өз жоспарларын әрі қарай дамыту туралы ойларымен бөлісті. Семинар соңында тыңдаушылар өзіндік рефлексияға арналған сұрақтарға жауап берді.
    Ғылыми-әдістемелік семинардың аясында жүргізілген теориялық дәріс, шеберлік сынып, тәжірибелік сабақтар тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Мұғалімдерге ықшамсабақ құрастыру кезінде сабақ жоспарлары үлгісі беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.

    Қ.БАҚТИЯРОВА,
    БМЖ тренері.