gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ - БІЛІМ НЕГІЗІ

    Ақтау қаласындағы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп- интернатында 13 наурыз күні «Рухани-адамгершілік тәрбие - білім негізі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. «Ұлт жоспары «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтардың кәсіби 

    құзыреттілігін арттыру мақсатында өткен бұл шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Рысгүл Жұмажанқызының жетекшілігімен «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» республикалық курсына қатысушы өзін-өзі тану пәні мұғалімдері және Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты педагогтары қатысты. 
    Семинар барысында өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және өзін-өзі тануды мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялаудың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптар өткізілді. Шараның модераторлары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Р.Жұмажанқызы және Дарынды балаларға арналған мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.Садыкова болды.
    Қатысушылар Ш.Тоқсанованың «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған семинар-сабағына, Г.Екібаева мен П.Қалмұраттың «Тіршіліктің қарапайым құрылымындағы формасы ретінде вирустардың құрылымындағы ерекшеліктер» тақырыбындағы өзін-өзі танумен интеграцияланған биология сабағына, А.Жолбаева мен Ш.Тоқсанованың «Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу» тақырыбындағы өзін-өзі танумен интеграцияланған математика сабағына, У.Дүйсенованың «Адам және адамзат» тақырыбындағы өзін-өзі тану пәні бойынша өткен сабағына және С.Кийнованың «Человек в виртуальном пространстве» тақырыбындағы сыныптан тыс шарасына қатысты. 
    Семинарға қатысушылар мектеп әкімшілігіне шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және семинардың жақсы өтуіне жағдай жасағандығы үшін алғыстарын білдірді. 

    Р.НҰРОВА,
    ДБО тренері,
    Р.НҰРБАСЫНОВА,
    Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын 
    дарынды балаларға арналған мамандандырылған 
    облыстық мектеп-интернаты директоры