gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

    «Ғалым да, шахтёр де бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің!» деп «Ұстазым» әнінде айтылғандай, халқымыз ұстазға жоғары баға берген. «Ұстазы қандай болса, мектебі де сондай» деуі де ұстаздар қауымының мойнына нардың жүгіндей үлкен жауапкершілік артатынын аңғартады. 
    Ұстаз – бүкіл әлем мойындаған ұлы құрметтің иесі, өзгелерден қадірі артық,

    аяулы, ардақты, қымбатты жан. Көптен-көп мадаққа ие болуы керек жандардың бірі де бірегейі мұғалімдер деп ойлаймын. Неге? Себебі, ол әртіс, жанашыр ана немесе әке, баланың жанын түсінетін, ойын ұғатын, зердесін ашатын, жүрегі жылылыққа толы, білім нәрімен сусындаған ұлы тұлға. Ол шәкірттерін сабырлылыққа, төзімділікке, батырлыққа жетелейді, жақсы қасиетті бойына дарытып, адамгершілік рухын көтеріп, өмірлік бағыт-бағдар береді, қателессе, түзу жолды нұсқайды. Сырласы да, мұңдасы да, ақылшысы да, досы да бола алады. Ұстаз шәкірттерінің жетістігінің арқасында абыройы асқақтап, беделі биіктеп, көңілі шарықтайды. Ұстаздың ұлылығы – оның жан дүниесінде, жүрегінің кеңдігінде, жан тазалығы – ар-ожданында, шәкірттеріне кіршіксіз сенімінде екені баршаға мәлім деп ойлаймын. 
    Темір болаттай төзімі, сарқылмас сабыры жоқ жанның ұстаз болам деуі бекершілік. Өйткені осы қасиеттер арқылы ғана ұстаз ұстаз бола алады. Мұғалім болу – баланың болашаққа баспалдағын өзің құрып беру деген сөз. Баланың келешегінің кемел, болашағының жарқын болуы ұстазына және өзінің біліміне байланысты. Елбасымыз Н.ӘНазарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы ұстазсыз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсеткен. Яғни, осы заманғы ұстаз – озық тұлғалы болып, бала оқытуда бар күш-жігерін аянбай, өзін-өзі барлық қырынан жетілдіре білуі керек. Ал мұғалімдердің шеберлігін арттыру және дамыту үшін біліктілікті арттыру курстарынан өткізу керек деп ойлаймын. 
    Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұны басты міндет етіп қойып отырғаны бәрімізге белгілі. Бұл курстарда ұстаздар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасады. Сондықтан ұстаздарға артылар сенім мен жауапкершілік еселене бермек. 12 ақпан мен 9 наурыз аралығында біліктілігімді арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі пәнін оқыту» бағдарламасы бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, ағылшын тілін үйретуде әртүрлі әдіс- тәсілдерді үйреніп, тәжірибеде қолдана білуді егжей-тегжейлі меңгердім. Курстан өте жақсы әсер алдым. Әріптестерімізбен тәжірибе алмаса отырып, қысқа мерзімді жоспар құрастыруды, төрт дағды бойынша оқып үйреніп, аудармасыз оқытудың тәсілдерін, крийтериалды бағалауды, топтағы бағалауды өте терең меңгеріп, әртүрлі әдістер арқылы топқа бөлудің түрлерімен, сонымен қатар, кері байланыстың түрлерімен танысып және өзімізге рефлексия жасауды үйреніп, педагогикалық біліктілігімізді арттырдық. Әр сабағымыз қызықты, көңілді өтті. Білім алудан еш жалықпадық. Курс соңында қысқа мерзімді жоспармен құрылған сабағымызды сәтті қорғап шықтық. Бізді бағдарламаның қыр-сырымен терең таныстырып, өз тәжірибесімен бөліскен тренер Айман Мұханбетқызы Қараеваға алғысым шексіз. Осы курсты барлық мұғалімдер жақсы оймен аяқтады деген үміттемін. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымызды жалғастырамыз деген ойдамыз.  
    Ұстаздың ұлылығы, оның шәкірттерінің биікке самғап, сол шәкірттерінің арасында сыйлы болуында, халық құрметіне бөленіп, алғысын алуында. Яғни, осы курстан үйренген тиімді әдіс-тәсілдерімізді сабақта қолданысқа енгізсек, үйренушілердің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын қалыптастыруға көп ықпал етеміз. «Шәкірт ұстазынан озар» дегендей, қазіргі таңда жолымды қуып, ағылшын тілін сүйіп оқитын, аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген шәкірттерім бар. Ерекше шәкіртім 9-сынып оқушысы Қашаған Әсемнің ағылшын тіліне қызығушылығы өте жоғары. Болашақта ағылшын тілін жетік меңгерген маман болатынына кәміл сенемін. Оның «Сіз сияқты ұстаз болғым келеді! » деген сөзі, яғни өзіме деген құрметі көңіліме көп қуаныш ұялатты, шаттық көгіне шарықтатты. Яғни бұл еңбегімнің жанғаны деп білемін. Осындай шәкірттер ұстаздың өмірін гүлдендіріп, бойымызға күш-қуат береді.  
    Ұстаздық өмірдің қызығы мен шыжығын, ащысы мен тұщысын, әуресі мен сәулесін көріп келемін, бірақ ешқашан ұстаздық етуден жалықпаймын. 

    Рыскүл ОРАЗОВА, 
    №2 орта мектептің мұғалімі,
    Мұнайлы ауданы.