gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

    gallery/2p3a2645

    Курс тындаушыларына

    Біздің басылымдар

    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/baner mini kaz

    Білім мазмұнын жаңарту бойынша

    Робототехника

    gallery/эмблема
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері Ботагөз Қараеваның ұйымдастыруымен 14 наурыз күні «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» біліктілік арттыру курсы аясында «Рухани-адамгершілік 

    тәрбие - білім негізі» тақырыбында облыстық көшпелі-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - жаңа білім мазмұнына сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, рухани-адамгершілік білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білімді қалыптастыру, сондай-ақ курстан алған теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану. Семинар Мұнайлы ауданындағы №12 жалпы білім беру орта мектебі базасында өтті. 
    Семинарда Бейнеу ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімі Ханым Орынбаева, Мұнайлы ауданының №12 орта мектебінің мұғалімдері Меруерт Айтқұлова, Жанар Дәлуова, Ақтау қаласының №28 орта мектебінің мұғалімі Кенжебек Азанов, Жаңаөзен қаласының №18 орта мектебінің мұғалімі Раушан Екізбаева өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ өткізді. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтың құрылымдық, мазмұндық, әдістемелік аспектілеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, жаңа білім мазмұнына сай «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру мақсатында биология пәнімен интеграциялық сабақ өткізілді. Пәндік мазмұнға сәйкес 5 «Т» ережесінен бастау алған сабақ тақырып мазмұнын ашуға, оқушылардың өмірлік ұстанымын қалыптастыруға арналған шығармашылық тапсырмалармен толықтырылып, жақсы көңіл күй сыйлау үшін ән орындалып, соңы тыныштық сәтімен аяқталды. Жүргізілген барлық сабақтарға оқушылар белсенділікпен, жоғары деңгейде қатысты. 
    Семинар соңында курс тренері Ботагөз Мұхамбетқызы шеберлік сағатын ұйымдастырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігіне тоқталып, пән бойынша мұғалімдерге бағыт-бағдар берді. Жоғары деңгейде сабақ өткізген педагогтер «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 

    Меруерт АЙТҚҰЛОВА,
    №12 орта мектептің
    «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі,
    Мұнайлы ауданы.