gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

КУРСТАН АЛҒАН ӘСЕРІМ МОЛ

«Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол – жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты», - деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, бүгінгі таңда мұғалімдерге 

қойылар талап жоғары. Осы талаптармен бірге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының болашақ мұғалім алдына қоятын жалпы мақсаттары бірдей.
Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Адамның руханилығы, оның шығармашылық парасаттылығы, жаңалықтарға ұмтылысы – бұл қоғамның басты байлығы.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да өзін-өзі тану бойынша тренер Р.Нұрованың жетекшілігімен өтіп жатқан «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтармен басталып, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері арқылы жас ұрпақтың санасын ашып қоғамдағы орнын қалыптастыруға бағыт береді. Курста рухани жаңғыру аясында қолға алынып отырған мәселелерді әлемдік рухани тұлғалар мен қазақ мәдениетіндегі тұлғалардың еңбектерімен байланыстыра отырып, заманауи ғылымдағы рухани бастамаларды жаңғырту мәселесі туралы көптеген әсерлі мағлұматтар берілді. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің ролі, оның бүгінгі қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ең бірінші жауапты тұлға екені ашып көрсетілді.
Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы курсынан алған әсеріміз мол. Біреуге көрсеткен көмегімізді, қайырымдылық үшін берген қаражатымызды біз жасаған жақсылығымыз деп жүр екенбіз. Ал шын мәнінде жақсылық жасаудың өзі шын ниетімізбен айтылған жақсы сөзіміз, кездескенде күлімсіреп жылы жүрекпен, сыпайы түрде қарым-қатынас жасауымыз екен. Курс барысында жақсылық жасау, ешкімге қиянат жасамау адамның ішкі жан тыныштығына әкелетінін терең ұғындық. Осылайша жүйелі берілген тәрбиенің өзі қоғамды өзгертуге септігін тигізеді деп ойлаймын.

Шолпан ТОҚСАНОВА, 
Ақтау қаласының түрлі пәндерді 
тереңдетіп оқытатын 
дарынды балаларға арналған 
мамандандырылған мектеп-интернатының 
өзін-өзі тану пәні мұғалімі.